Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Бұл орайда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді сұрайды.