Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Газельмен» сексеуіл тасымалдағандар ұсталды

Қызылордада «Газельмен» сексеуіл тасымалдағандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Газель» жүк көлігімен сексеуіл тасымалдағандар ұсталды.

15 қаңтар күні сағат 11:15 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының және «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағында күдік тудырған «Газель» жүк автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктің жүк салғыш қорабынан заңмен кесуге тыйым салынған сексеуіл өсімдігінің тиелгендігі анықталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының талаптарына сәйкес, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.
19 қаңтар 2021 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области