Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жасырынған қылмыскер 5 айдан кейін табылды

Қызылордада жасырынған қылмыскер 5 айдан кейін табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылар бас бостандығы шектелген азаматты тығылып жүрген жерінен тапты.
Сотты болған азамат 5 айдан соң табылды. Ол Сырдария ауданында пробациялық есепте тұрған. 2018 жылы есірткі егу қылмысы бойынша сотталған ол тиісті жазаға тартылды. Кейіннен сотталушы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Соңғы уақытта тағылған айып бойынша жазадан бой тасалаған оған іздеу жарияланды.
«Оны облыс аумағынан 5 ай бойы іздестіруге тура келді. Полицейлер 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен тапты. Қазір ол қамауға алынды», – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Әділхан Қанзадаев.
20 қаңтар 2021 ж. 100 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области