Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ойын бизнесін ұйымдастырған азаматқа үкім шықты

Қызылордада ойын бизнесін ұйымдастырған азаматқа үкім шықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері өткен жылдың тамыз айында қаланың орталық көшелерінің бірінде заңсыз ойын орнын анықтаған болатын.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы азамат көп қабатты үйдің бірінші қабатынан жалға алған орыннан интернет казино кеңсесін ашып, 13 компьютерді ғаламтор желісі арқылы бәс тігіп ойнайтын құмар ойындар бағдарламасына қосқан. Ойын залына күніне 5000 теңге жалақымен кассирлер мен күзетші жалдаған. Заңсыз ойын орны әшкереленіп, барлық дәлелдер ұсынылғандықтан, ұйымдастырушы азамат өз кінәсін толығымен мойындады.

Қызылорда қалалық №2 соты заңсыз ойын орнын ұйымдастырушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Осынша мерзімге пробациялық бақылау және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді.

2020 жылы департаментпен қоғамға қауіпті қылмыс болып саналатын заңсыз ойын бизнесіне қатысты 9 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тергелген. Нәтижесінде 8 ойын мекемесі жабылып, 116 монитор, 109 процессор, 43 телевизор, 8 кассалық аппарат, 31 терминал, 13 бейнежазғыш және 11,2 млн теңгеден аса ақша заңсыз айналымнан алынды.
28 қаңтар 2021 ж. 139 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области