Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 наурызда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу аяқталады

1 наурызда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу аяқталады

Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың 1 наурызында Армения Республикасынан елімізге әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі аяқталады. Қазақстан аумағына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді рәсімдеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елордада автокөлікті 20-40 көшесіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен сенбі аралығында 9.00-16.30 аралығында тіркеуге болады.

Сондай-ақ 2021 жылдың 3 ақпанынан бастап елордада көліктерді қауіпсіздік хаттамасынан өткізетін (рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған, қайта жабдықталған автокөліктер) «Ұлттық сараптама және сертификациялау орталығы» АҚ Сынақ орталығы жұмысын бастады. Сынақ орталығына автокөлік иелері Алаш тасжолы, 1 «А» мекенжайы бойынша немесе 8 (717)2 25-14-47 нөміріне хабарласып жүгіне алады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығында 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 10.00-17.00 аралығы.

Автокөлік ҚР СТ 1418-2018 және Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 08/2011 техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.
04 ақпан 2021 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области