Жаңақорғанда есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Kyzylorda-news.kz. «Самара-Шымкент» тас жолының Жаңақорған ауданы тұсында аудандық полиция және Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан пакет алынды. Онда ерекше иісі бар шөп салынған 328 сіріңкі қораптары анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар 1 келіден аса «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.
Оқиға орнында күдікті ұсталып, ол 39 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны болып шықты.
Бүгінгі күні күдікті Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.