Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында мембағдарламаларға бөлінген 284 млн теңге жымқырылған

Қызылорда облысында мембағдарламаларға бөлінген 284 млн теңге жымқырылған

Kyzylorda-news.kz. Былтыр Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыс құрамы бар 8 дерек анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәселе Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 2020 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел мәжілісінде айтылды. Департамент мамандары мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын жымқыруға қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыстар атқарған.

Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыс құрамы бар 8 дерек анықталды. Негізінен «Балапан», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Денсаулық», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» бағдарламалары бойынша қаражаттарды мақсатсыз пайдалану және жымқыру орын алған. Анықталған залал сомасы 283 млн 982 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, «көлеңкеге» кеткен қаражаттың қомақты бөлігін құрап отырған бағыттардың бірі – жалған счет-фактураларды жазу қызметін ұйымдастыру. Яғни, жұмыстарды атқарусыз счет-фактуралар жазып беру бойынша 2020 жылы 6 дерек анықталды. Бұл салада анықталған залал 438 млн 077 мың теңгені құрады.
10 ақпан 2021 ж. 76 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области