Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда балабақша меңгерушісі бақшаға келмеген балаларға да мемлекеттен ақша алып келген

Қазалыда балабақша меңгерушісі бақшаға келмеген балаларға да мемлекеттен ақша алып келген

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық сотының үкімімен жекеменшік балабақшаға қатысты тағы бір істің нүктесі қойылып, балабақша меңгерушісінің жазасы тағайындалды.
Қазалы ауданындағы жекеменшік балабақшаның меңгерушісі балабақшаға келмеген 58 баланы ай сайын тіркей отырып, әр балаға мемлекеттен бөлінетін қаражаттан жыл көлемінде 7 млн 932 мың теңгені жеке пайдасына жаратқан. Басты сот талқылауында куәлік еткен ата-аналардың айтуынан анықталғандай, тізімде әлдеқашан мектепте оқып жүрген балалар да бар.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 3 бөлігінің 1) тармағымен айыпталған бұл ауыр қылмысы үшін балабақша меңгерушісіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, балабақша есебіне негізсіз аударылған қаражатты қайтаруға міндеттелді.
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру, талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану саласында 46 қылмыстық іс болған. 36 істің өндірісі аяқталып, мемлекетке келтірілген залал көлемі 319,5 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың өткен жылы 17 фактісі анықталған. Оның ішінде, дәл осы «Балапан» бағдарламасы бойынша 10 қылмыстық іс бар.
10 наурыз 2020 ж. 220 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области