Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер 72 бас жылқыны иесіне тауып берді

Қызылордалық полицейлер 72 бас жылқыны иесіне тауып берді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған 72 бас жылқыны иесіне тауып берді.

11 ақпан күні облыс орталығының тұрғыны жайылымда жүрген 72 бас жылқысының жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түсірген.

Аталған хабарлама бойынша, Ақсай Пб-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, тиісті бағыт-бардар беріле отырып, барлық елді мекендердегі шаруа қожалықтары, жайылымдық жерлер мен шалғайлар толығымен араланып, нәтижесінде учаскелік полиция инспекторларымен жоғалған жылқылар табылып, иесіне тапсырылды.

Қалалық Полиция басқармасының басшылығы халыққа жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдың сақталуына бақылауды күшейтуді сұрап, азаматтарды қырағылық танытуға, жайылымдарда үй малын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ оны бейтаныс адамдарға жаюға сенбеуге шақырады. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны немесе жаңа мобильді қосымшасы арқылы хабарласуыңызға болады.
12 ақпан 2021 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области