Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: 8 айда 181 мәрте жол ережесін бұзған

Қызылорда: 8 айда 181 мәрте жол ережесін бұзған

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 8 айда 181 рет жол ережесін бұзған азамат ұсталды

«Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейдте 34 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірі бар жеңіл автокөлігін ұстады. Ол бірнеше ай ішінде жылдамдық режимін 181 мәрте бұзған.

Құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Арканмен» аталған автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы – 2021 жылдың 11 ақпаны аралығында 3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл салынған.

Сондай-ақ, жүргізуші көлікті сақтандыру құжатсыз тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделіп, жиналған құжаттар сотқа жолданды.
15 ақпан 2021 ж. 112 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области