Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті

Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті

Kyzylorda-news.kz. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан Қызылорда облысының ашық онлайн біріншілігі аяқталды.

Жарыс www.playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында швейцар жүйесімен 11 турда өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 144 спортшы қатысты.

Нәтижесінде ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, батысқазақстандық Жарасхан Сағынбаев бірінші орынды жеңіп алды. Спорт шебері, Азия чемпионы, қызылордалық Дамир Ахметов – күміс жүлдені иеленді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, тұңғыш Әлем чемпионы, шымкенттік Ғалымжан Темірбаев пен спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, қарағандылық Асылхан Қожанәсіп – қола жүлделерді еншіледі.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медаль, естелік сыйлықтарымен марапатталды.
15 ақпан 2021 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области