Қызылордада былтыр 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды

«Youtube платформасында арнайы «Сыр шаңырағы»,«Сыр қоғамы», «Сыр бірлігі», «Сыр жастары», «Сыр спорты» медиа-арналары ашылды. Сыр жерінде алғаш рет Латиф Хамидидің атақты «Абай» операсы қойылды. Оған өңірдің жүзге жуық әртісі қатысты», – дейді облыс әкімі.
Ежелгі және ортағасырлық қалашықтарға, атап айтар болсақ, Бәбіш-Мола Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала, Асанасқа археологиялық зерттеулер жүргізілді.