Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Қызылордада «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Kyzylorda-news.kz. Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес бүгіннен бастап облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс – шарасы басталды.

Іс-шараға Полиция департаментінің барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.
Ветеринария саласымен бірлесіп, құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу фактілері бойынша тексеру жұмыстары атқарылуда.
2020 жылдың қазан айынан бастап ауыл шаруашылық жануарларын жаюдың тәртібі белгіленді. Бұл талапты бұзған мал иелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 408-бабымен әкімшілік жаза қарастырылған (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу).

Мал ұрлығының алдын-алу және ашу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Пада ұйымдастырылып, бақташылар қарастырылған. Нәтижесінде мал ұрлау дерегі 30 пайызға азайды.
Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Төрт түлік мал көбіне қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланады. Бұған қоса, тұрғындар малының ұрланғандығы туралы полиция органдарына кеш хабарлайды.

«Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалады. Осылайша, мал ұрлығы қылмысын жедел түрде ашуға мүмкіндік болмайды.

Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Алайда, бұл жеткіліксіз. Төрт түлігін түлетіп, содан ризығын айырып келе жатқан өңір тұрғындары жауапкершілік танытулары қажет», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
24 ақпан 2021 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области