Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық Мейрамкүл Жүсіпова республикалық байқауда жеңімпаздар қатарынан көрінді

Қызылордалық Мейрамкүл Жүсіпова республикалық байқауда жеңімпаздар қатарынан көрінді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық Мейрамкүл Жүсіпова Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйытқы болған республикалық «Қайырымдылық керуені» конкурсының «Туған жер» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Ал 22 жерлесіміз Дариға Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Манзура Абдугафарова, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Әсел Абзал және аға сарапшысы Руслан Орлов бар.

Бұл байқауға өңірден 37 азамат өтінім беріп, 23-і бақ сынап, осындай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ретте, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы ұжымының сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн. Марапат иелері қайырымдылық шараларына шын ниетпен, бар ынта-ықыласымен араласқан, ізгі ниетті, жомарт жүректі, мейірімді жандар.
25 наурыз 2021 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области