Қайрат Ерманов: МӘМС жүйесі енгізілгелі оң өзгерістер байқалады

«Міне, 10 жылдан астам уақыт бойы «2 типті қант диабеті», «эпилепсия», «артериялық гипертензия» аурулары бойынша есепте тұрамын. Кәсіпкермін, ай сайын МӘМС-ке жарна төлеймін. Сақтандырылған азаматтарға қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді болғанына қуаныштымын. Дәрігердің жолдамасымен МРТ-дан өттім, қажетті талдауларды тапсырдым», – дейді науқас.
Күндізгі стационар дәрігері Қайрат Ермановтың айтуынша, уақытылы тексеріліп, емдеудің арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлімі төмендеуі байқалады.
«Көбіне бізге «артериялық гипертензия» диагнозы бар пациенттер келіп түседі. Олар жылына екі рет емделеді. Барлық процедуралар, дәрі-дәрмектер тегін. Төсек орындары көбейтілді. Оның ішінде, 20-сы күндізгі стационарда. Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі оң өзгерістер байқалады», – деп атап өтті Қайрат Ерманов.
Айта кетейік, МӘМС аясында жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша 80-нен астам тұрғын күндізгі стационарда ем қабылдаған.