Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған әлеуметтік нысандар аз емес

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған әлеуметтік нысандар аз емес

Kyzylorda-news.kz. Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған әлеуметтік нысандар бар. Бұл кемшіліктер облыстық партия филиалының осы бағыттағы кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында анықталды.

Өзекті мәселе «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешованың төрағалығымен өткен отырыста талқыланды.

Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған кеңес отырысына жауапты басқарма басшылары, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін арттыру – мемлекет алға қойған маңызы зор мақсаттардың бірі. Осы орайда олардың жүріп-тұруына, қоғамның тең мүшесі ретінде қалаған жеріне қиындықсыз жетуіне тиісті жағдай жасалуы – «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында. Бүгінда партия тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын одан әрі жандандырып, тиімділігін арттыруға түрлі жұмыстар жасалуда.

Партияның «Өзгерістер жолы»: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Сайлауалды бағдарламасында да бұл мәселелер ерекше қамтылған. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында мамандықтар атласы жасалып, 2025 жылға дейін мүгедектігімен жұмысқа орналасқан азаматтардың саны 30% өсіру жоспарланып отыр.

Жиында күн тәртібіне сәйкес инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мекемелерде жұмыспен қамтудың 2-4 пайызды сақтау көрсеткіштері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша тиісті сала басшылары өңірде осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ортақ мәселе жан-жақты талқылана келе осы бағытта ведомствоаралық ортақ әлеуметтік жоспар жасалып, түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға бірлескен жұмыстар жалғасын табатын болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылорда облысында 30 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар жандар тұрады. Бұл халықтың 3,7 пайызын құрап отыр (халық саны – 800,8 мың адам). Олардың еңбекке қабілеттісі-18653 азамат.
29 наурыз 2021 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области