Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жоғалып кеткен 15 жасар қыз Қызылорда қаласынан табылды

Жоғалып кеткен 15 жасар қыз Қызылорда қаласынан табылды

Kyzylorda-news.kz. 26 наурыз күні Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 15 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түскен.

Жоғалған қызды іздеу үшін бүкіл полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған қыз Қызылорда қаласында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқығын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екенін ескертеді.
29 наурыз 2021 ж. 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области