Қазалылық ұстаздар мен шәкірттерге құрмет көрсетілді
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев білім саласында қомақты табысқа жетіп, биік белестерді бағындырған ұстаздар және оқушылармен кездесті. Олардың қатарында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті наградасын иеленген Жәмилә Әбжан мен «Елбасы медалін» иеленген шәкірттер бар.
Басқосуда аудан басшысы алдымен педагогика саласында тұңғыш рет берілген құрметті атақты облыс ұстаздарынан алғаш болып иеленген Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Жәмилә Әбдінағиқызын құттықтап, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Мұнан соң «Ел үміті» бағдарламасы аясында өткізілген жобада үздік атанған оқушыларға «Елбасы медалін» табыс етті. Жоғары жетістікке жеткендердің қатарында Сүлеймен Демирел атындағы университеттің ІІ курс студенті Ботагөз Жақсылық, Қызылорда жоғары медициналық колледжінің І курс студенті Динара Амандосова, Қазалы жоғары көлік-техникалық колледжінің І курс студенттері Асыл Зауқымова мен Үміт Әшім, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Әсел Қуатбай, С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің 11 сынып оқушысы Айна Кәдір, №25 мектептің 10 сынып оқушысы Альбина Аралбекқызы, №266 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Бақдәулет Жантілеу, №170 мектептің 9 сынып оқушысы Гауһар Әзен, №97 мектептің 9 сынып оқушысы Гүлнара Едіге бар.
Салтанатты шара барысында Әйтеке би кентіндегі №249 мектептің педагог-зерттеушісі, бірінші деңгейлі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жәмилә Әбжан жәнеоқушылармената-аналар сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.