Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 36 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

Қызылордада 36 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Бұқарбай батыр көшесінің бойында жаяу жүргіншілер өтпелімен өтпекші болған екі азаматшаны белгісіз автокөліктің қаққандығы туралы полицияға хабарлама түсті.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша жедел түрде іздестіру шаралары басталып, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде 1 сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген 36 жастағы қала тұрғынына қатысты оқиға орнында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Жедел әрекет еткен Қызылорда облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Нартай Азат ізін суытпай күдікті автокөлікті анықтады. Тәжірибесі мол, өз міндетін жауапты әрі қырағылықпен орындайтын полиция майоры Нартай Азат Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет атқарады.

Жаяу жүргіншілердің бірінің туысы әлеуметтік желілер арқылы Нартай Азат бастаған қызметкерлер тобына алғысын білдіріп, жазба қалдырған.
Полиция майоры Нартай Азат
02 сәуір 2021 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области