Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 сәуірде «Қайсар» өз алаңында Ақтаудың командасын қабылдайды

9 сәуірде «Қайсар» өз алаңында Ақтаудың командасын қабылдайды

Kyzylorda-news.kz. Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 3 турында «Қайсар» сырт алаңда «Тұранмен» кездесті.

Түркістан қаласындағы стадионда өткен ойында командалар бір-бірімен тайталасқа түсті. Ойын соңына таблодағы есеп өзгеріссіз тұрған еді.

Тоқсан минут түгесілген тұста алаң иелері сапынан Темірлан Әміров мергендік танытты. Арада екі минут өткенде қызылордалық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов «Тұран» қақпашысы А. Пасеченконы қапы қалдырып, таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу барысында 1:1 есебі тіркелді.

Қызылордалық клуб жаңа маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Енді «Қайсар» 9 сәуірде өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды.
05 сәуір 2021 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области