Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қаруыңды тапсыр да, ақша ал» атты науқан жарияланды

«Қаруыңды тапсыр да, ақша ал» атты науқан жарияланды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрлігі тұрғындардан заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша «Қаруыңды тапсыр – ақша ал» атты науқан жариялады.

Қаруларды қабылдау мерзімі 20 сәуірде басталады. Бұл науқанға бюджеттен 95 млн теңге бөлінген. Бір қару үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін беріледі. Сыйақы мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты болады.

Министрліктің хабарлауынша, қару иесі өздігінен ештеңені бөлшектемеуге және тасымалдауға кеңес береді. Ең дұрысы полиция бөліміне бару керек.

«Тәуелсіздік жылдарында мұндай акциялар Қазақстанда 10 рет өткізілді. Біз 53000 қару жинадық. Атыс қаруын және оның патрондарын өз еркімен тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – делінген хабарламада.
13 сәуір 2021 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области