Қызылордада 90 жастағы қария алғаш рет төлқұжат алды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер ескі үлгідегі құжаты бар қарияға жаңа жеке куәлік алуға көмектесті.
Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарды, көпбалалы аналарды, құжаттандыру үшін Қызылорда қаласы ПБ-ның Көші-қон қызмет бөлімі және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бірігіп, арнайы тұрғылықты мекен жайына баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылды.
«Бүгінгі күнге мобильді топтармен барлығы 110-тен астам облыс тұрғындары құжаттандырып, оларға дайын құжаттарды табыстады. Олардың ішінде, Қызылорда қаласының 90 жастағы тұрғыны ескі үлгідегі құжатын бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігімен құжаттанбаған. Жаңа құжат алған қария өзінің мәселесіне бей-жай қарамай, көмек берген полицейлерге алғысын білдірді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қызылорда облысының Полиция департаменті құқықтық мәртебелерді айқындау негізінде сұрақ туындаған жағдайда тұрғылықты мекен-жай бойынша аумақтық көші-қон қызметіне жүгінуге болатындығын облыс тұрғындарының назарына жеткізеді.