Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Суға түсуге рұқсат жоқ

Қызылорда: Суға түсуге рұқсат жоқ

Kyzylorda-news.kz. Арнайы белгіленген орындарға суға шомылуға маусым айында рұқсат беріледі. Оған дейін тыйым салынады. Қазір төтеншеліктер дария, көл жағалауларында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейд ұйымдастыруда.

Жыл басынан бері облыста 7 адам тілсіз жаудың құрбанына айналды. Оның төртеуі бала. Өткен жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға өсіп отыр.

«Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштерінде 54 сүңгуір маман мен құралдары 18 бірлік техника, 16 ілмелі мотор, 29 жүзу құралдары бар. Үнемі оқу-жаттығу жиынын өткізіп, мамандардың шеберлігін шыңдаймыз. Техниканың әлеуетін көреміз. Арал теңізінде және көлдерде 4 рет рейд өткіздік. «Қамыстыбас көлінің 3 учаскесіне», «Райым көліне», «Лай көліне» барып балықшыларымен «Судағы қауіпсіздік ережелері» мен «Судағы зардап шеккен адамдарды құтқару және оларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптарын түсіндіріп, дәріс оқыдық, үн парақ тараттық. Қазір күн жылынды. Енді дарияға шомылушылар көбейеді. Маусым айына дейін рұқсат жоқ екендігін қаперге ұстасаңыздар. Әсіресе, балаларға абай болу керек»,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев.
06 мамыр 2021 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области