Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: «Крещение» мерекесінде өзенге суға түсуге болмайды

Қызылорда: «Крещение» мерекесінде өзенге суға түсуге болмайды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында «Крещение» мерекесінде өзенге суға түсуге тыйым салынды.
Өйткені мұз өткен жылмен салыстырғанда ерте қатқан. Ағысының да жылдамдығы жоғары. Жалпы, Сырдария өзенінде судың тереңдегі 3 метр. Сол себепті дарияға түскен адамды ағыс алып кету қауіпі бар.
«Қаладағы ескі базар жанында орналасқан құтқару стансасы маңында су алушыларға арнайы ойық әзірленді. Алайда, шомылуға болмайды. Тек су алуға ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, шаһардағы православие шіркеуінде арнайы бассейн бар. Яғни, 18 қаңтар күні шіркеуге барып, суға шомылуға болатынын ескертеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында 25 адам кезекшілікпен жұмыс істейді. Төрт техника жұмылдырылды. Бұған қоса, волонтерлар да ат салысатын болады»,-деді облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.
«Биыл өзенге барып шоқына алмайтындықтан, діни рәсімдер шіркеуде өткізіледі, -деді Қызылорда қаласындағы православие шіркеуінің настоятелі Виталий Ивашинин.
15 қаңтар 2021 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области