Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жас отау» клубы ашылды

Қызылордада «Жас отау» клубы ашылды

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық отбасы күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Мерекеге орай «Менің тату отбасым» тақырыбында бейнеролик байқауы, «Жеті ата» атты жастар арасында челлендж, «Менің отбасым» тақырыбында фотокөрме, «Ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты семинар ұйымдастырылады.

Шаралар каратин талабына сәйкес онлайн форматта өткізіледі. Ал бүгін Жастар орталығында «Жас отау» клубы ашылады.

«Аты айтып тұрғандай бұл жас отбасыларға арналған клуб. Статистикаға сүйенсек, ажырасушылардың көпшілігі некеге үш жылдың көлемінде тұрғандар арасында орын алады. Клубта кеңестер беріліп, шаңырақтың шайқалмау үшін мәмілеге келтірмек, – деді әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова.

Облыста 141 мыңнан аса жанұя бар. Оның 40014 көпбалалы отбасылар. «Алтын алқа» иегері – 4374, «Күміс алқа» иегері – 9781. Он мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Көпшілікке үлгі болып, ұрпақ өрбітіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жанұяларды насихаттау мақсатында жылда дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылып келеді. Аудандық және қалалық кезеңі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізіледі. Ал облыстық кезеңі 1-15 шілде аралығына жоспарланған. Облыста үздік атанғандары қыркүйек айында Отбасы күніне орай ұйымдастырылатын республикалық кезеңге қатысады.
14 мамыр 2021 ж. 208 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области