Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: 1-маусымнан бастап суға шомылуға рұқсат

Қызылорда: 1-маусымнан бастап суға шомылуға рұқсат

Kyzylorda-news.kz. Облыста өзен және көлдерге суға шомылуға бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі. Қазір арнайы орындар дайындалып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев мәлімдеді.

Төтеншеліктер су шомылу маумсына сақтық шараларына аса мән беру қажеттігін ескертеді. Жедел-құтқару жасағында 54 сүңгуір маманы, 18 бірлік техника, 16 дана ілмелі моторлар және 29 жүзу құралы бар.

Жаз айларында тұрғындар демалыстарын өзен-көлдердің жағасында өткізеді. Қарапайым ережелерді сақтамағаннан бақытсыз жағдайлар орын алады. Арнайы белгіленбеген орынға мүлдем суға түсуге болмайды. Қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолданғандарға шара көріледі. Қазір рейдтік шараларды көбейтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Асхат Талантұлы.

Осыған дейін, судағы қауіпсіздік ережелері онлайн режимде 195 оқушыға, алғашқы көмек көрсету тәсілдері 7 интерактивтік сабақ арқылы түсіндірілді.
24 мамыр 2021 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области