Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданының әкімі жүлдегерлерді қабылдады

Қармақшы ауданының әкімі жүлдегерлерді қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің жүлдегерлерін арнайы қабылдады.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани қазына – 2021» республикалық онлайн фестивалінде «Үздік ауылдық мәдениет үйі және клубы» номинациясымен және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлығымен С.Бөртебайұлы атындағы Ақжар ауылдық клуб үйі және «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер кітапхана» номинациясымен Қармақшы аудандық балалар кітапханасы марапатталып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлованың дипломын иеленген болатын.

Республикалық онлайн фестивалінің жеңімпаздарына Қармақшы ауданының әкімі Мұса Оспанұлы алдағы уақыттағы еңбектеріне сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдіріп алғыс хаттар табыстады.

Қабылдауда Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы сөз сөйлеп, аудан әкімдігіне қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.
26 мамыр 2021 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области