Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада орта білімі жоқ жазасын өтеушілер аттестат алды

Қызылордада орта білімі жоқ жазасын өтеушілер аттестат алды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандарға арналған соңғы қоңырау шарасы өтті.

Шараға Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты. Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова қатысушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтижелер көрсеткен сотталғандарды мақтау қағаздарымен марапаттады.

«Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Мекемеде орта білімі жоқ 9 сотталғанның екеуі 11 сыныпты бітіріп жатыр. Қалған сотталғандар орта білімін одан әрі жалғастырады. Қазір шыны керек түзелемін деген адам үшін біраз жағдай жасалған. Мұның барлығы аяқтарын шалыс басқан жандарды түзу жолға қойып, бостандықта өз жолын табуға мүмкіндік жасалуда»,- деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Қ.Дайрабаев.
«Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғандығым үшін жазамды өтеудемін. Осының салдарынан орта білімім де жоқ болатын. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Сол мектеп ұстаздарының табанды еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алып отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін», – дейді жазасын өтеуші.
26 мамыр 2021 ж. 201 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области