Түзеу мекемелерінде «Ашық есік күні» өтті
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4 мекемелерінің ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Темір тордағылардың қай-қайсысы болмасын ата- анасын, туған – туыстарын, балаларын сағынады. « Ашық есік күні» болатынын естіп, сонау Қырғызстан Республикасы Ош қаласынан бауырын бір көрсем деген сағынышпен ағасы келіп отыр. Мүмкіндігінше ашық есік күндерін жиі өткізуге тырысамыз. Жазасын өтеуші отбасымен, ағайын – туысымен, ата- анасымен қауышып , жарты күн көруге мүмкіндік алады. Темір торда тоғытылған азаматтар еркін өмірді аңсайтыны жасырын емес. Сотталғандарды түзелу жолына салып, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін біз де ұжым болып осындай тәрбиелік мәні бар шараларды ұйымдастырып келеміз деді», - ЗК-169/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Азат Райсов.
Тартоғай елді мекенінде орналасқан ЗК-169/4 мекемесінде өткізілген шараға Шиелі аудандық үкіметтік емес ұйым және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілер тіркеу бөлімінің өкілдері, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысып, жазасын өтеушілерді Ұлы мерекемен құттықтады.
Шара барысында арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес сынды Ұлттық спорт түрі бойынша сотталғандар бақтарын сынап, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Кездесу соңы облыстық филармония әншілерінің концертіне ұласты.