Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы теміржолында құрылыс материалдарын талан-таражыға салған басшы жазаланды

Қазалы теміржолында құрылыс материалдарын талан-таражыға салған басшы жазаланды

Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Қазалы жол дистанциясының бөлімше бастығы теміржол құрылыс материалдарын пайдакүнемдік мақсатта иеліктен шығарып, талан-таражға салу арқылы жымқырғаны үшін жазаға тартылды.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне келтірілген залал көлемі 23 млн. теңге үстінде.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше лауазымды тұлғаның жауапкершілігіндегі тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

Арал аудандық соты «алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтіру» деген айыппен (ҚР ҚК 195 бабы 4 бөлігі 2 тармағы) үкім кесті.

Яғни, сотталушыға материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айыра отырып, екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы және осы мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды.

Сонымен қатар, зардап шегуші «Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы»Акционерлік қоғамының Қызылорда магистральдық желі филиалының пайдасына 23 миллион 152 мың теңгені өз еркімен төлеу үшін сотталушыға 2 ай мерзім белгіленді.
26 мамыр 2021 ж. 162 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области