ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жасау, қабылдау мәселесі қоғамда қызу талқыланып, оны жұртшылыққа түсіндіру, насихаттау жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді. Елбасы латыннегізді қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізген нұсқасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл әліпби бұрынғы жобасына қарағанда біршама ықшамдалған, апостроф белгілер жазуға ыңғайлы дикретикаларға ауыстырылған. Ал екі әріп (Ш және Ч) диграфпен берілген. Мұндай белгілердің қойылуы көптеген әліпбилерде бар, қалыптасқан нормалар.
Сондықтан бұл әліпби өзіндік емле ережелерін жасау барысында әлі де жетілдіріліп, қолдануға икемделетіні сөзсіз. Әліпби болашақ үшін жасалып жатқан игі іс, қазақ тілін дамытудағы жаңа бастама, ұлттық жаңғырудың бір тетігі болғандықтан оны әрбір қазақстандық бірауыздан құптап, қолдау білдіргеніміз дұрыс.
Аман АБАСИЛОВ,
филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ қауымдастырылған профессоры