Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Танысын балағаттаған қызылордалық қоғамдық жұмысқа тартылды

Танысын балағаттаған қызылордалық қоғамдық жұмысқа тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда тұрғыны WhatsApp желісі арқылы танысын балағаттағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебінен 40 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 11 азамат қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазаларын өтеуде. Солардың бірі, Қызылорда қаласының тұрғыны Т., есімді азамат танысына WhatsApp желісі арқылы балағат сөздер жазған.

Сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК-нің 131- бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалған. Мамыр айында пробация есебіне алынып, сотталған Т-ға пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.
01 маусым 2021 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области