«Сыр дарыны» байқауы жарияланды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Сыр дарыны» байқауы жарияланды.
Қызылордада Тәуелдіксіздіктің 30 жылғына орай «Сыр дарыны» жастар шығармашылық байқауы жарияланды. Байқаудың мақсаты – облыс жастарының шығармашылық қабілеттерін шыңдау және насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің шығармашылығын дәріптеу арқылы өнер мектептерінің мәртебесін арттыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов баяндады.
«Байқау облыстық ішкі саясат басқармасы, қала және аудан әкімдіктері, «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Іріктеу кезеңі 10-18 маусым аралығында қала және аудандарда өтіп, республикалық жас ақындар айтысымен түйінделеді. Байқау жазба ақындық өнер, айтыс, дәстүрлі ән және жыр-терме бағыттары бойынша өткізіледі», – деді облыстық Жастар ресурстық орталығы КММ директорының орынбасары Мақсат Дауылбай.
Сонымен қатар, облыс бойынша іріктеуден өткен жеңімпаздарға сала мамандарының, танымал дәстүрлі өнер иелерінің танымдық семинарлары, мастер-класс оқытулары жүргізіледі. Барлық қатысушыларға арнайы диплом және алғыс хаттар табысталады. Ұйымдастырушылармен байланыс телефоны 30-01-21,е-mail: molodezh_kyz@mail.ru