Владимир Никитенко: «Қайсарды» алға жетелеуге атсалысамын
Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Владимир Никитенко алдағы жоспарларымен бөлісті.
Бас бапкер Владимир Никитенко Қызылордаға келе сала білек сыбана жұмысқа кіріскенін айтты.
«Ресми алғашқы ойыным «Тұранмен» өтті. Допты бағамдап, бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымызбен матчта гол соғу мүмкіндігі бұйырмады. Тактикалық және теориялық жаттығуларды үзбей «Каспийге» дайындалдық. Соның арқасында қарсыласымыздан үш ұпай еншіледік. Қазір командадағы барлық ойыншылардың қарым қабілетін байқау үстіндемін. Негізгі мақсатым – біріншілікте ұпай мөлшерін көбейтіп, турнирлік кестеде жағдайымызды жақсарту. Егер біріншілікте жағдайымыз жақсы болса, Қазақстан кубогында табысты ойын көрсетуге болады. Клубқа трансферлік банның қойылғаны жасырын емес. Бірақ клуб қызметкерлері шектеуді алып тастау үшін жұмыс істеп жатыр. Әрине мәселе шешімін тапса, жаңа ойыншылар қосылуы бек мүмкін. Командадағы жағдай, атмосфера барлығы жақсы. Көмекшілеріммен бірге «Қайсарды» алға жетелеуге атсалысамын, – деді бас бапкер Владимир Никитенко.