Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәртіп бұзған есептегі байқоңырлық тұрғын абақтыға қамалады

Тәртіп бұзған есептегі байқоңырлық тұрғын абақтыға қамалады

Kyzylorda-news.kz. Былтыр Байқоңыр қалалық сотының үкімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған қала тұрғыны жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін қалалық сотқа бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолданған.

Сотталған байқоңырлық жыл басынан бері бірнеше рет қоғамдық тәртіп пен құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан қасақана тәртіп бұзып, құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбаған.

«Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның бір жыл ішінде екі және одан да көп рет қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктерге тартылуы – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады. Пробация қызметкерлері аталған сотталғанға қатысты ұсынымды Байқоңыр қалалық сотына жолдады», – дейді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны А. Танбаев.
23 маусым 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области