Зорлық-зомбылыққа қарсы акция жалғасуда

Қызылорда қаласында орналасқан учаскелік полиция инспекторларының аймақтық бөлімшелеріне және стационарлық полиция бекеттеріне үндеу парақтары жабыстырылып, қала тұрғындарына таратылды.
Акцияның басты мақсаты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Республикалық акция аясында отбасы-тұрмыстық мәселелері бойынша 12 әйел адамға полицейлермен құқықтық кеңес беріліп, көмек көрсетілді.