Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңа диплом: Жалған құжат даярлауға жол бермейді

Жаңа диплом: Жалған құжат даярлауға жол бермейді

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда универсиететі 1504 түлегін еңбек нарығына қосты. ҚР Білім туралы заңының 39-бабына сәйкес жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап өзіндік үлгідегі дипломдар табыстауда.

Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Әр дипломда БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады, ол сақталады және белгілі бір студентке бекітіледі. Бұл кез келген уақытта дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Диплом нөмірлерінің сәйкес келуі және олардың өзгеруіне жол берілмейді. Деректердің қауіпсіздігін блокчейн технологиясын қолдану – түлектің қайда оқығанын, дипломдық жұмысты қашан қорғағанын және дипломды қашан алғанын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл диплом бланкілері үшінші тұлғаларға қол жетімді болған жағдайда «диплом сатумен» күресу үшін де қажет.

Университет табыстаған әр дипломда «Білім туралы» заңына сәйкес қорғаныс белгілері бар. Жеке үлгідегі дипломдар БҒМ-нің минималды талаптарына сәйкес келуі тиіс. Дегенмен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті министрліктің талабын 100 пайыз орындады. Бұл жүйе алдағы уақытта кез келген жағдайда құжаттың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беріп, еңбек нарығында сапаны арттыруға, жалған құжат даярлауға жол бермейді.

2020 жылы университетті бітірген жас мамандардың 91 пайызы жұмысқа орналасқан. Жалпы университетте 78 бакалавриат, 35 магистратура, 13 докторантура мамандығы бар. Білімнің сапасын басты орынға қоятын оқу ордасы сұранысқа ие мамандар даярлау үрдісін жүйелі түрде жалғастыра бермек.
16 шілде 2021 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области