Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жауын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Батыста, солтүстік-батыста және республиканың шығысында бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
24 шілде 2021 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области