Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаштықтар Аралға 7500 тонна мал азығын жеткізді

Жалағаштықтар Аралға 7500 тонна мал азығын жеткізді

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында орын алған қуаңшылыққа байланысты бүгінде Жалағаш ауданынан Арал, Қазалы ауданындағы шаруашылықтарға 7,5 мың тонна мал азығы жеткізілді. Шілде айының өзінде 11 мың дана жонышқа пресі Арал ауданының шаруашылықтарына сатылды.

«Біздің ауданға Арал ауданының Сапақ және Аралқұм ауылдық округтердегі шаруашылықтарға мал азығын дайындауға көмек көрсетуге тапсырылған болатын. Бүгінде осы елді мекендердегі шаруашылықтардың сұранысына сәйкес аудандағы Сәрке батыр, Аққұм Жер, Ақбостай шаруашылықтары арқылы табиғи шөп дайындауда. Жалағаш ауданында 116 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда. Жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасымен айналысып отырған 40 шаруашылық 79 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды», – дейді аудан әкімі Асылбек Шәменов.

Ал, аудан бойынша 2021 – 2022 жылдың қысына түсетін ауылшаруашылығы малдарына 78,1 мың тонна табиғи шөп, 28 мың тонна сабан, 15,6 мың тонна жем қажет деп жоспарланды. Бүгінгі күнге дайындалғаны 35065 тонна, оның ішінде 25040 тонна жонышқа шөбі, 10025 тонна қара шөп. Қазіргі таңда жоспар 45% орындалып отыр.
28 шілде 2021 ж. 109 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области