Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті
Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында Бибосынов испандық Габриэль Эскобармен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (3:2).
Бірінші раундта қазақстандық қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша, Бибосынов Қазақстанға медаль алуға кепілдік берді.
Кейін ширек финалдық кездесуін Қазақстанның тағы бір өкілі – Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) өткізеді, ол Австралиядан Гарри Гарсайдпен күреседі.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада-2020 жартылай финалына Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қонқабаев (91 келіден астам) шықты, финалға шығу үшін ол америкалық Ричард Торреспен күресетін болады. Бұл жекпе-жекте жеңілген спортшы қола медаль алады.