ҚР Парламенті Сенат депутаттары Жаңақорған ауданына келді
Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Парламенті Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова Жаңақорған ауданына арнайы сапармен келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.
Депутаттар алдымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы бойындағы заманауи қызмет көрсететін орталық – «Жан-Арай» ЖШС сервистік кешеніне тоқтады.
Сервиздік кешен мейрамхана, асхана, қонақ үй, ойын-сауық орталығы, медициналық қызмет көрсету және техникалық жөндеу орны, бөлшек сауда нүктесі, қоғамдық жуыну және көлік жуу орны, автұрақ пен май құю бекетін біріктіреді. Сондай-ақ, ауылшарауашылығы өнімдерін өндіру және өндеу қоймасымен ерекшеленеді. Бірігей сервистік кешеннің жұмысымен Нұрдәулет Мақашов таныстырды.
«Қазір алма сақтау және өндеу қоймасының негізгі жұмыстары аяқталды. Бірнеше айда іске қосуға дайын болады. Ал, оған өнімді алма бағынан аламыз. 2019 жылы 10 гектар жерге алманың үш түрін еккенбіз. Биыл алма бақты тағы 50 гектарға ұлғайтын, онда алманың түрлері – «Голден», «джонатон», «Ренет симиренконы» отырғыздық. Келер жылы алғашқы отырғызған алмалар жаппай өнім береді. Алда жоспар көп. Мәселен, 100 гектар жерге қызанақ, қияр, болгар бұрышын егіп, көкөніс, жеміс сақтау қоймасын салу жобамыз бар. Қызанақ өндіру, өңдеу, сақтау, сату қоймасын да іске асыруда ізденудеміз. Жеміс, көкөністі өзіміз өндіріп, облыс тұрғындарын сапалы, қолжетімді бағадағы өніммен қамту – алда тұрған үлкен мақсатымның бірі», – деді Нұрдәулет Мақашов.
Депутат Ақмарал Әлназарованы алма бағындағы өнімнің жергілікті бағаны тұрақтандыруға әсері қаншалықты екені қызықтырды.
«Алма келесі жылдан бастап өнім береді. Біз алманы нарыққа шығарудан бөлек, алма шырынын дайындауға мән береміз. Жаңақорған, Шиелі ауданының нарығында алма бағасына әсер ететін болады», – деп жауап қатты Нұрдәулет Мақашов.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы игілікті іс бастап, туған жердің гүлденуіне үлес қосып жүрген серіктестік басшысы Бағдәулет Мақашовтің игілікті ісі халықтың игіліне айналуына тілектестік білдіріп, келесі нысандарға жол тартты.