Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ерлан Жоламанов: Қызылордада жылу маусымына дайындық жалғасуда

Ерлан Жоламанов: Қызылордада жылу маусымына дайындық жалғасуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы жоғары деңгейде. Бүгінде аймақтағы білім беру ұйымдарының 80,2, денсаулық сақтау нысандарының 75,3, мәдениет саласына қарасты мекемелердің 74,6 пайызында кіші қазандықтар жөндеуден өтіп, жылу беруге дайын тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

Брифингте басқарма басшысының міндетін атқарушы аймақтағы бу қазандықтарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижесін баяндады. Мәселен жылу маусымын үздіксіз және сапалы өткізу мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорынның №9 қазандығын, №3 турбогенератордың бөлшектерін ауыстыру, турбиналық қызметтің технологиялық құбырларын және Оңтүстік қазандықтағы №7 ВОNО SG қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы тарапынан алдағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 50 дана ГРП мен 208 дана ШРП-ға ағымдағы жөндеу жүргізу тағайындалып, бүгінде бұл жұмыстар 80% орындалған.

Алдағы жылу мауысымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде деген Ерлан Ералыұлы қысқа қажетті отын қорының мөлшерін де айтып өтті. Мәселен жылу беру кезеңінде облыстағы әлеуметтік нысандар 33 мың тонна көмір мен 25 мың тонна дизель отынын тұтынатын болса, тұрғындарға жоспар бойынша 140,4 мың тонна көмір отыны қажет. Қазіргі таңда қажетті отын көлемін жеткізуші мекемелермен келісім шарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілуде. Әлеуметтік нысандарға қажетті мөлшердің 14 пайызы жеткізілілсе, сұйық отынның 64 пайызы бар. Тұрғындар үшін 11 мың тонна көмір қоры қалыптасқан.
20 тамыз 2021 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области