Қызылордада заңсыз аң аулаған ауыл тұрғындары ұсталды

Есепті мерзімде атқарылған жедел-профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 326 дерегі тіркелді. Оның ішінде, 21 қылмыстық және 305 әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Мысалы, 20 тамыз күні сағат 05:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторынан заңсыз аңшылық дерегі туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлерімен Бесарық ауылына қарасты «100 гектар» деген жерде мемлекеттік белгісі жоқ «ИЖ» мотокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында мотокөлік ішінен тіркеуде жоқ, 12-калибрлі аңшы мылтығы мен 7 дана оқ, жарық шам (прожектор) және 4 дана қоян аңы анықталған.
Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен 33 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар аудан тұрғындары болып шықты. Барлық айғақты заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Сырдария аудандық полиция бөлімімен заңсыз аңшылық бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.