Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұрат Ергешбаев: Жарықтандыру жұмыстары – өзекті мәселелердің қатарында

Мұрат Ергешбаев: Жарықтандыру жұмыстары – өзекті мәселелердің қатарында

Kyzylorda-news.kz. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сырдария ауданындағы елді мекендерде 2 көше құрылысы мен 3 көшені жөндеу жұмыстарына 469 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаев айтты.

Аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлының айтуынша, ауданда жарықтандыру жұмыстары – өзекті мәселелердің қатарында.

«Бүгінде ауданға қарасты елді мекендердің электр желілерінің 70 пайызының тозығы жетіп тұр. Олардың ішінде электр желілерін шұғыл жаңғыртуды қажет ететін Шаған, Аманкелді, Қоғалыкөл, А.Тоқмағамбетов ауылдары бар. Аталған мәселе бойынша қажетті материалдар есептілігі әзірленуде», – дейді аудан әкімі.

Бұдан бөлек аудандық бюджеттен елді мекендердегі тозығы жеткен трансформаторларды жаңалау үшін 25,8 млн. теңге бөлініп, «Кентау трансформатор зауыты» серіктестігімен 10 дана трансформатор сатып алынды.

Сондай-ақ, биыл ақпан айында Тереңөзек кенті көгілдір отынға қосылды. Қазіргі таңда, аудан орталығында 710 жеке және 11 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік және кәсіпкерлік нысан табиғи газдың пайдасын көруде. Қазіргі уақытта газдандыру көрсеткіші 30 пайызды құрайды. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 60 пайызға дейін жеткізуге жұмыс жүргізілуде.

Тағы бір айта кетерлігі А.Тоқмағамбетов, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, Шаған елді мекендерін газдандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 30 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленуде.
27 тамыз 2021 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области