Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Covid-19: Қызылордада балалар арасында індет өршіп барады

Covid-19: Қызылордада балалар арасында індет өршіп барады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында балалар арасында коронавирус инфекциясы деңдеп барады. Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында 46 бала ем алып жатса, оның ішінде 1 жасқа толмаған 13 сәби індетпен күресуде. Ал 3 жасөспірім жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында көп бейінді облыстық балалар ауруханасының онкогематолог дәрігері Жанна Жандарбекова мәлімдеді.

«Коронавирусқа шалдыққан балалар саны күн санап көбейіп келеді. Облыстық балалар ауруханасына сәуір айынан бастап 158 бала келіп түсті. Бүгінгі күні толық емделіп шыққан балалар саны – 82. Осы орайда ата-аналарға айтарым, балаларыңызды барынша санитарлық талаптарды сақтауға шақырыңыздар. Індет жас талғамайды. Сондықтан балалармен көпшілікке жерге баруды азайтып, иммундық жүйені жақсартатын пайдалы тағамдарды көп тұтынған абзал», – деді сала маманы Жанна Исатайқызы.
27 тамыз 2021 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области