Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мектепке жол»: Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жалғыз басты әкеге көмек көрсетті

«Мектепке жол»: Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жалғыз басты әкеге көмек көрсетті

Kyzylorda-news.kz. «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты.

Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.

ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері 3 баласы бар жалғыз басты әкенің балаларына жаңа оқу жылына мектепке қажетті оқу құралдары мен тәттілер алып берді. Бұл отбасындағы үш бала – үшем. Олар 8 сыныпта оқиды, ал анасы қайтыс болған. Балалардың әкесі мекеме ұжымына ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі қуанышты көрген мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковигі Ж.Ауешов жаңа оқу жылында сабақтарынды үздік оқып, жақсы азамат болып өсіңдер деп тілегін білдірді.
31 тамыз 2021 ж. 148 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области