Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жемқорлық туралы хабар бергендерге сыйақы беріледі

Жемқорлық туралы хабар бергендерге сыйақы беріледі

Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік және азаматтардың өздерінің белсенді қатысуы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюдың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жайында хабарлаған тұлғаларға біржолғы ынталандыру төлемдері қарастырылған.
Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Яғни бүгінгі өлшем бойынша 87 510 теңгеден 291 700 теңге аралығында.
Ал егер пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен асса-сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% – ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды ( шамамен 11 668 000 теңге).
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
-онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
-ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
-ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 
-аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Параның мөлшері неғұрлым көп  болса, сыйақының көлемі де соғұрлым жоғары болады.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері бойынша 1424 республикалық кол-орталығына хабарласуға шақырады, Қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
04 қазан 2021 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области