Қызылордада өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі артып келеді
Kyzylorda-news.kz. Аймақта өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі артып келеді. Мәселен биыл бұл саладағы кіріс 621,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 есеге өскен. Өңірдегі қорғаныс өнеркәсібі саласында да серіпліс бар. Бүгін аталған сала қызметкерлерінің төл мерекесі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық индустриялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеме жасады.
«Далатекс» ЖШС өз өнімдерін Ақтау, Түркістан қалаларына, «Жанзере» ЖК Шымкент, Атырау қалаларына өткізуде. Облысымыздың ірі жер қойнауын пайдаланушы мекемелерінің, «Қазатомпром» АҚ тапсырыстары да бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында құны 37,8 млн.теңгені құрайтын 2 жоба мақұлданды және құны 30 млн.теңге болатын 1 жоба бойынша құжаттар жинақталуда. Аймақ бойынша 80-ге жуық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс жасады»,- деді Ринат Қалдыбекұлы.
Соңғы жылдары Жалағаш ауданында кәсіпкерлік аясы кеңейіп келеді. Соның бірі – «Серпін» индустриалды өндіріс аймағында орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС-ның «Арнайы киім тігу шеберханасы». «Мұнда жалпы 65 адам жұмыс жасайды. Оның 42-сі әйел. Киім тігу шеберханасы бүгінде әскери қорғаныс киімдерінде өндіруде. Атап айтатын болсақ, брондыкеудеше, әйнекке қарсы қорғаныш костюмі, соққыға қарсы дулыға, қорғаныс қалқандарының жиынтығы, газтұтқыш (противогаз) тігілуде. Мемлекеттің қолдауымен кәсіби даярлықтан өтіп, жұмыс жасап келеміз. Кәсіп аясын кеңейтуге қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосамыз»,-деді серіктестік директоры Жақсылық Өздембаев.