Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық студент әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Қызылордалық студент әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Kyzylorda-news.kz. Грецияның Салоники қаласында өткен Самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Ақтоты Зарип күміс медаль жеңіп алды.

14-18 қазан аралығында ұйымдастырылған тартысты додада 30-дан аса елдің спортшылары бақ сынаған болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақтоты Зарип 59 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

«Әлем чемпионатына әр елдің үздік деген спортшылары жиылады. Жартылай финалда франциялық спортшымен жекпе-жекке шығып, 8-0 есебімен жеңіске жеттім. Ал ақтық кездесуде украиналық қызға есе жібердім. Алда талай байрақты бәсекелер күтіп тұрғаны белгілі. Сондықтан елімді әлі талай жеңістеріммен қуанту үшін аянып қалмаймын», – деді спортшы.

Бүгінде оқу орнында аймақтың ғана емес, тұтас елдің намысын қорғап жүрген студенттер қатары артып келеді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына университеттің 33 студенті қабылданған.
20 қазан 2021 ж. 117 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области