Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың 578 спортшысы ұлттық құрама сапында

Қызылорданың 578 спортшысы ұлттық құрама сапында

Kyzylorda-news.kz. Өткен жыл Сыр спортшылары үшін жетістікке толы болды. Қызылордалық атлеттер ел чемпионаттарында 1457 медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 170 медальдарға қол жеткізді. Аймақтың бетке ұстар  578 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.Олардың қатарында  мұз ханшайымы атанған Элизабет Тұрсынбаева да бар. Ол Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан  Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, төрт айналым элемент секірген әйелдер арасында тұңғыш рет тарихқа енді.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді және Бекболат Рахат жеңімпаз атанды. Облыс тарихында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында бұл алғашқы медаль болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласында еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков күміс жүлдені иеленіп, 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев күміс, Тұрсынбай Құлахмет қола жүлделерге ие болды.
Алматы қаласында қазақ күресінен өткен «Әлем барысы» әлем чемпионатында Мақсат Исағабылов қола жүлдені иеленсе, Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында Нұрым Сәлімгереев алтын медалді қанжығасына байлады.
20 қаңтар 2020 ж. 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области